Дина Таңсәрі телеграм каналында дипломаттың әйелі жазған хатты және жіберген суреттерін бөлісті.
Зорлық-зормбылық құрбандарын қорғаумен айналысатын «Не молчи» фондының жетекшісі Дина Таңсәрі дипломат Мамаш Сәкеннің әйелі Мамаш Каринаның жазған хатын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Дина Таңсәрі өзінің телеграм каналында дипломаттың әйелі жазған хатты және жіберген суреттерін бөлісті.
Дина, саламатсызба! Мен, Мамаш Карина Госмановна БАӘ елшілігінің кеңесшісі Мамаш Сәкен Ташкенбайұлының әйелімін. 10 жылдан бері зорлық-зомбылық көріп жүргенімді мәлімдеймін... Менің жолдасымды дипломат статусынан айырып, түрмеге қамауға алғанын қалаймын... Маған көрсеткен барлық қорлығы үшін. Физикалық, сексуалдық, эмоционалдық, экономикалық, тұрмыстық, үйде көрсеткен барлық қорлығы үшін, - деп жазған Карина Мамаш.
Сондай-ақ Дина Таңсәрі қазіргі уақытта Каринаға қауіп төніп тұрғанын, балаларынан ажыратылғанын жазып, Президентке, Ішкі істер министрлігіне және Сыртқы істер министрлігіне үндеу жасады.
«Біз келіншектің қорғалуына және балаларымен бірге Қазақстанға оралуына көмек сұраймыз. Сондай-ақ оның (жолдасының) қылмыстық жауапкершілікке тартылып, барлық өкілеттілігінен айыруды сұраймыз. Мамаш Сәкен Тәшкенбайұлы байланыстары мен әкімшілік ресурстарын қолдануы мүмкін», - деп жазды «Немолчи.кз» тобының жетекшісі.
Жазбасының соңында Дина Таңсәрі «Мөлдір Қабылова мен Салтанаттың оқиғасы қайталануда» деді.