$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін

Туризм және спорт министрлігінің өкілдері Қазақстандағы мереке күндерінің қатарына тағы бір мейрамды қоспақ. 

 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Туризм және спорт министрлігі Қазақстанда жаңа мереке – "Ұлттық кітап күнін" енгізу туралы заң жобасын әзірледі. Заң қаулысының құжаты "Ашық НҚА" порталында жарияланған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Туризм және спорт министрлігінің өкілдері Қазақстандағы мереке күндерінің қатарына тағы бір мейрамды қоспақ.

Заң қаулысына сүйенсек, 23 сәуірді Ұлттық кітап күні деп тану ұсынылған. kaz.nur.kz сайтының жазуынша, әзірше қаулы жобасы 22 мамырға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Жоба қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндер тізбесіне "23 сәуір – Ұлттық кітап күні" мерекесін енгізу үшін әзірленді, - деп жазылған заң жобасының құжатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Жаңа кітап