06.05.2024, 19:20

Армения мен Әзербайжан келіссөздері Алматыда қашан өтеді? СІМ жауабы

Фото: depositphotos.com

Ресми өкіл келіссөз жабық түрде өтетінін айтты. БАҚ өкілдері келіссөздің ашылуына ғана шақырылады.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Әзербайжан мен Армения Сыртқы істер министрлігі басшыларының келіссөзі қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бұған дейін қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, Әзербайжан мен Армения сыртқы істер министрлігі басшылары келіссөздері 2024 жылғы 10 мамырда Алматыда өтеді», - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Ресми өкіл келіссөз жабық түрде өтетінін айтты. БАҚ өкілдері келіссөздің ашылуына ғана шақырылады. Әзербайжан мен Армения Сыртқы істер министрліктерінің ресми өкілдері де кездесудің 10 мамырда өтетінін хабарлаған.

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев Әзербайжан мен Арменияның Алматыда өтетін келіссөздеріне қатысты мәлімдеме жасады.