07.05.2024, 04:30

Ахметжан Есімовтің қызы олигархтар қатарына қосылды

Фото: Айжан Есімова оң жақта, harpersbazaar.kz

Оның байлығы 207 миллион долларға бағаланды.

Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің жыл сайынғы рейтингі жарияланды. Forbes Казахстан басылымы қазақстандық олигархтар тізімін жаңартты. Бұл жолы еліміздегі 50 ауқатты адамның тізімі тағы 25 кәсіпкердің есімімен толыққан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тізімдегілердің жалпы байлығы өткен жылмен салыстырғанда 8,2 миллиард доллар өсіп, 46,63 миллиард долларға жетті. Былтырғы 769 миллион доллармен салыстырғанда орташа көрсеткіш, болжам бойынша, 622 миллион долларға дейін төмендеді.

Сол байлардың қатарында Айжан Есімова тізімде 44-орынға жайғасты. Оның байлығы 207 миллион долларға бағаланды.

Айжан Есімова Forbes рейтингінде 15-орында тұрған кәсіпкер Ғалымжан Есеновпен отбасын құрған. Оның байлығы 590 миллион долларға бағаланды. Кәсіпкер «First Heartland Securities» АҚ-ның 99,74%-ына иелік ету арқыл «First Heartland Jusan Bank» АҚ-ның 79,63%-ын бақылайды. Сондай-ақ банктің тағы 20,11%-ы тікелей Ғалымжан Есеновке тиесілі. Кәсіпкердің Jusan Bank арқылы «Қазақтелекомда» АҚ-да 9,19% және «Кселлде» АҚ-да 9,08% (тағы 14,87% – жеке өзі) акциялары бар.

Айжан Есімова – Ахметжан Есімовтің қызы. Ахметжан Есімов 2017-2021 жылдар аралығында «Самұрық-Қазына» қорының басқарма басшысы қызметін атқарған.