Ол Павлодар қаласының тұрғыны еді.
Қазақстандағы ең жас автопилот саналған Анатолий Кин 16 жасында жол апатынан қаза тапты. Ол әкесімен бірге Алматыдан Павлодарға үйіне қайтып келе жатқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қаралы ақпаратты СТК Sokol автодром өкілдері таратты.
«Павлодарға барар жолда болған жол апаты бәріміз үшін үлкен трагедияға айналды. Онда біздің чемпионаттың ең талантты әрі ең жас пилоты қаза тапты», - деп жазылған аталған ақпаратта.
Александр Кин өткен аптада Алматыда болған street-drift жарысына қатысқан екен. Бұл туралы жасөспірімнің өзі әлеуметтік желіде фотосурет жариялаған.
Марқұм өз жастығына қарамастан жазғы және қысқы автожарыстарда бірнеше рет ел чемпионы атанған.