$ 494.87  520.65  4.91

Зарина Дияс екі жылдан кейін алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Ол жарақатына байланысты жарыс жолына шықпаған болатын.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстандық Зарина Дияс Фукуока (Жапония) ITF W 75 турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 388-ракеткасы, үндістандық Рутуя Бхосалемен өткізді.

Зарина Дияс сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта қарсыласын 7:5, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Зарина 2022 жылдың 18 қаңтарынан бері кортқа шықпаған еді. Сол күні З.Дияс Аустралия ашық чемпионатының бірінші айналымында Елена Рыбакинадан 7:6 (7:3), 6:7 (3:7), 1:6 есебімен ұтылған еді. Содан кейін жарақатына байланысты жарыс жолына шықпаған болатын.

Осылайша, 2 жыл 3 айдан кейін Зарина алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Зарина Дияс ширек финалға шығу үшін әлемнің 286-ракеткасы, оңтүстіккореялық Су Джон Чан немесе рейтингіде 358-сатыдағы аустралиялық Лизетт Кабрераның қай жеңгенімен таласады.

Қысқа мәлімет:

Зарина Дияс 18 қазан 1993 жылы Алматыда туған.

Жетістіктері: жекелей сында ITF сериясының тоғыз турнирінің жеңімпазы (2008, 2009, 2012, 2013, 2014, 2017, 2019, 2020), WTA 500 сериясының жекелей турнирінің финалисті (2014 ж.), WTA 500 сериясының жекелей турнирінің жеңімпазы (2017). Қазақстан Республикасының спорт шебері. Токио Олимпиадасының қатысушысы (бірінші айналымдағы матчта жарақат алған).

Билли Жан Кинг кубогындағы статистика: 18 жеңіс – 8 жеңіліс.

Әлемдік рейтингтегі үздік нәтиже: 31-орын (12 қаңтар 2015 ж.).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары