09.05.2024, 21:30

Александр Бублик Рим мастерс турнирін жеңіспен бастады

Фото: ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметі

А.Бублик жекелей сында екінші айналымда португалиялық Нуну Боржешпен кездеседі. 

Қазақстандық Александр Бублик жұптық сында Рим мастерс турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық теннисші америкалық Бен Шелтонмен бірге бастапқы кездесуін канадалық Феликс Оже-Альяссим – тағы бір АҚШ өкілі Фрэнсис Тиафомен өткізді.

Бірінші партияда қазақстандық-америкалық жұп дес бермеді – 6:1. Екіншісінде канадалық-америкалық дуэт тай-брейкте есе қайырды – 7:6 (8:6).

Есесіне супер тай-брейкте Бублик – Шелтон жеңісті жұлып алды – 10:7. Сағат жарымға созылған бәсеке барысында олар 2 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жібермеді.

Александр Бублик – Бен Шелтонның 1/8 финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады. 

А.Бублик жекелей сында екінші айналымда португалиялық Нуну Боржешпен кездеседі.