$ 498.34  519.72  4.85

Жайық өзенінің деңгейі көтеріліп келеді: бөгеттер нығайтылуда (ВИДЕО)

Бұл туралы Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы мәлімдеді.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Атырау облысы Индер ауданы Индербор ауылындағы Жайық өзенінде су деңгейі көтерілді. Қазіргі таңда Қызылорда облысы ТЖД күшімен бөгетті нығайту жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Атырау облысы Индер ауданы Индербор кенті Жайық өзенінің су деңгейі көтерілуіне және ауа райының қолайсыздығына байланысты судың деңгейі қатты көтерілуде. Осыған байланысьты елді мекенге қауіп төнуде. Су тасқынының алдын алу және болдырмау мақсатында Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері және жергілікті тұрғындар, жергілікті атқарушы орган қызметкерлерімен қосымша қап қаптау және бөгетті нығайту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы 80 адам жұмылдырылды, - деп атап өтті Қызылорда облысы ТЖД ТЖЖБ басқармасының бастығы Жандос Досымов.

Сондай-ақ тасқыннан қорғану мақсатында Махамбет пен Сарытоғай ауылы ортасындағы жол арасы уақытша жырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары