$ 498.34  519.72  4.85

Судья Бишімбаев сотына қатысты дүйсенбіге дейін үзіліс жариялады

Таңертең басталған кезекті сот отырысында Судья сұрақтарды талқылау және тұжырымдау басталғанын хабарлаған болатын. 

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Бүгін Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша жалғасқан кезекті  сот отырысы дүйсенбіге дейін үзіліс жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Таңертең сағат 10:00-де басталған кезекті сот отырысында Судья Айжан Құлбаева сұрақтарды талқылау және тұжырымдау басталғанын хабарлаған болатын.

Қылмыстық-процестік кодексінің 653-бабы талабына сәйкес тараптар алқабилерді ескере отырып, сот шешуге тиісті сұрақтарды талқылауы тиіс. Сол бапқа сәйкес, алқабилердің қатысуымен сот шешетін сұрақтарды талқылау және қалыптастыру кезінде алқабилер кеңесу бөлмесінде қалуы тиіс. Осы себепті алқабилердің сот залынан шығуын сұраймын, - деген еді судья Айжан Құлбаева.

Кейінірек судья соттың жалғасы дүйсенбіге яғни 13 мамырға сағат 10:00-ге шегерілетінін айтты.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 16 қаңтарында Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі («Азаптау»), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы («Аса қатыгездікпен адам өлтіру») бойынша жаңа айыптар тағылғаны хабарланды. Қазір осы қылмыстық іс қаралып жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары