$ 494.87  520.65  4.91

«Ол орталықтың қызметкері емес»: Министрлік мәйіттерді зорлаған күзетшіге қатысты пікір білдірді

Ол үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Фото: t.me/kozachkow
Фото: t.me/kozachkow

Әділет министрлігі Алматы мәйітханасында болған жантүршігерлік оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полицейлер мәйіттерді зорлаған мәйітхана күзетшісіне қатысты тергеуді бастады.

Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, күдіктінің сот сараптама орталығымен және оның аумақтық бөлімшелерімен еңбек қатынасы болмаған.

"Ол әділет органдарының қызметкері емес. Келісім бойынша мәйітхананың қауіпсіздігін "Ayat Security" ЖШС жүргізген. Бұл азамат аталған ЖШС-нің мәйітханасының күзетшісі болып жұмыс істеген", – деді Талғат Уәли. 

Некрофилияға күдікті азаматқа қатысты "Өлгендердің денесін қорлау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ол үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары