Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Маңғыстау облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Ақтау қалалық соты 2024 жылғы 25 сәуірде облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Айнұр Манкешоваға және «Аско Сервис Шетпе» ЖШС өкілі Айдарбек Атадусовқа қатысты іс бойынша үкім шығарды.
Олар мектеп құрылысына техникалық қадағалау қызметтерін мемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғанына 5 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен Манкешова 3,5 жылға, Атадусов 2 жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды.