$ 494.87  520.65  4.91

Геннадий Головкин Таиландта Азия Олимпиадалық кеңесінің басшыларымен келіссөздер жүргізді

АОК – Халықаралық Олимпиада комитетімен мойындалған бес қауымдастықтың бірі.

Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшылық құрамы Азия Олимпиада Кеңесінің 43-і Бас Ассамблеясына қатысу мақсатында Бангкок қаласына  жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин бастаған команданың жұмыс сапары Бас Ассамблея жиынына қатысумен шектелген жоқ.

Сапар барысында олар көптеген екіжақты кездесулер өткізді. Оның ішінде Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) өкілдері, АОК басшылары мен Азиядағы өзге де ҰОК жетекшілері бар.

Екіжақты келіссөздер ішінен ХОК вице-президентімен, Сингапур ҰОК басшысы, мистер Сер Минанг Нгмен, АОК президентінің міндетін атқарушы Радж Рандхир Сингхпен, сондай-ақ, Сауд Арабиясы ҰОК вице-президенті, ханзада Әл-Сауд Фахад бин Жавали бин Абдулазиз Әл Саудпен және АОК вице-президенті Отабек Омаровпен болған кездесулердің жемісті өткенін айта кеткен жөн.

Айта кетелік, Азия Олимпиадалық Кеңесі – Халықаралық Олимпиада комитетімен мойындалған Ұлттық Олимпиадалық комитеттердің бес қауымдастығының бірі, қазіргі таңда 45 мемлекетті біріктіріп отырған Азия елдеріндегі Олимпиадалық қозғалысты басқарушы орган. Ұйым 1982 жылдың 16 қарашасында құрылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары