12.05.2024, 11:30

Батыс Қазақстанда Жайық өзенінен 7 адам құтқарылды

Фото: видеодан кадр

Олар жағалауға өз бетімен жете алмаған, қайықтың біреуін өзен ағыны алып кеткен.

Батыс Қазақстан облысында Жайық өзенінде 7 адам құтқарылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 10 мамыр күні Теректі ауданында болған. 

«Сағат 16.41-де Жайық өзені бойымен жүзуді жоспарлаған адамдардан эвакуациялау жөнінде өтініш түскен. БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағы және 12-өрт сөндіру бөлімшесі күш-құралдарының және дронның көмегімен Сәуір жары туристік аймағы маңынан 7 адам табылып, қауіпсіз жерге шығарылды. Олар жағалауға өз бетімен жете алмаған, қайықтың біреуін өзен ағыны алып кеткен» деп хабарлады ведомстводан.