13.05.2024, 10:20

Футболдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионы атанды (ВИДЕО)

Фото: @Futsalkazakhstan

Осылайша, соккадан ел құрамасы екінші жыл қатарынан Еуропа чемпионаты титулын иеленіп отыр.

Қазақстан құрамасы Кишинёвте өткен "Socca EuroCup-2024" финалында 3:0 есебімен Хорватия командасын жеңді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Сокка – мини-футболдың бір түрі болып саналады. Бұл жерде ойыншылар саны мен алаңның көлемінде айырмашылық болады. Матч 6-да 6 ойыншы форматында, 20 минуттан екі тайм бойынша өтеді.

Ойынның алғашқы минутында қазақстандықтар екі рет гол салды. Абай Елемесов (2-ші минут) пен Бекруз Пишкар (15-ші минут) команданы алға шығарды. Матчтың екінші жартысында Талғат Өтепбергенов 39-шы минутта командаға тағы бір гол сыйлады.

Осылайша, соккадан ел құрамасы екінші жыл қатарынан Еуропа чемпионаты титулын иеленіп отыр. Былтыр Қазақстан финалда Румынияны ұтқан еді.

Федерацияда биыл финалға жеткенге дейін команда 7 рет жеңіске жеткенін айтты:

Қазақстан 3:0 Оман Қазақстан 1:1 Германия (2:1 буллит бойынша) Қазақстан 2:1 Испания Қазақстан 9:2 Бельгия Қазақстан 3:2 Оман Қазақстан 5:1 Кипр Қазақстан 3:0 Италия