$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда 300-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

Бұл туралы Алматы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Коронавирус жұқтырғандардың 26,4%-ы мектеп жасына дейінгі балалар, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлімдеді.

Жыл басынан бері коронавирустық инфекцияның зертханалық расталған 277 жағдайы тіркелді, оның ішінде 30,7% – жұмыссыздар, 14,1% – әртүрлі ЖШС-де жұмыс істейтіндер, 10,1% – мектеп жасына дейінгі балалар, 26,4% –зейнеткерлер, 4,3% – студенттер, - дейді Қасымхан Алпысбайұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары