$ 494.87  520.65  4.91

«Полицейлер екі бауырымды ұрып-соқты»: Қазақстандық әйел Тоқаевтан көмек сұрады (ВИДЕО)

Қазіргі уақытта ағайындылар ауруханада жатыр.

Фото: qazaqstan.tv
Фото: qazaqstan.tv

Ақмола облысының тұрғыны президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдады. Ол арнайы полиция қызметкерлерінің бауырларына жасаған шабуылына байланысты жағдайды реттеу үшін көмек сұрап отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Біздің отбасымыз полиция қызметкерлерінің шабуылына байланысты күйзеліске түсті», - деді әйел үндеуінде.

Видеодағы келіншектің айтуынша, оның 17 және 18 жастағы бауырларына «Арлан» мамандандырылған және элиталық полиция бөлімшесінің қызметкерлері шабуыл жасаған. Сондай-ақ ол істің тергелмей жатқанын айтты.

«Кезекшілік кезінде полиция қызметкерлері Көкшетауға апаратын жолда төтенше жағдай тудырған. Содан кейін олар менің бауырларымнан көшелердің бірінде тоқтауды талап етіп, көліктен түсіп, еш себепсіз көптеген дене жарақаттарын салып, ағайындыларды қызметтік көлігінің салонына қамап тастаған», - деді ол.

Оның сөзіне құлақ түрсек, оның қос бауырын орман алқабына апарып, сол жерде ұрып-соғуды жалғастырған, тіпті, «өлтіреміз» деп қорқытқан көрінеді.

Қазіргі уақытта ағайындылар ауруханада жатыр. Екеуіне дене жарақаттары, сүйектерінің сынғаны және миы шайқалған деген диагноз қойылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары