$ 494.87  520.65  4.91

Cу тасқынынан зардап шеккендерге Отбасы банктен қандай жеңілдіктер бар?

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Орталық коммуникация қызметі алаңында өткен брифингте су тасқынан зардап шеккен тұрғындарға Отбасы банк қандай қолдау көрсете алатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Қазір біз әкімдіктермен бірге статистиканы есептеп жатырмыз. Осы азаматтардың (су тасқынынан зардап шеккен - ред.) арасында неше адам кезекте тұрғанын және оларды “Нұрлы жер” және “Бақытты отбасы” бағдарламалары бойынша бірінші өткізуге жоспарымыз бар, - деді Отбасы банк төрағасы Ляззат Ибрагимова.

Отбасы банк басқарушы директоры - Орталық филиал директоры Жансұлтан Матай былай деп қосты.

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлер - Батыс Қазақстан, Атырау облыстарымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Облыстардың өз қаражаты есебінен өңірлік бағдарлама жасау қарастырылып жатыр. Келіссөз жүргізіліп жатыр, - деді Жансұлтан Матай брифингте.

Оның айтуынша, қазір өңір тұрғындарын қолдау үшін жұмыс істеп тұрған бағдарламалар сияқты бағдарлама жасауға болады.

Яғни әкімдік қаржы бөлсе, онда Отбасы банк осы жұмыс істеп тұрған бағдарламалар аясында пәтерінен айырылған немесе баспанасы суда қалған азаматтарға көмектесе алады.       

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары