$ 494.87  520.65  4.91

«Қылмыстық іс қозғалды»: Әйелін соққыға жыққан дипломат қызметінен босатылды

Сәкен Мамаш дипломатиялық салада 15 жылдан астам қызмет еткен.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров дипломат қазір қызметінен босатылғанын және ол елге қайтарылғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Сәкен Мамаш дипломатиялық салада 15 жылдан астам қызмет еткен.

Қазір ол лауазымынан босатылды, - дейді Айбек Смадияров.

Оның сөзінше, құқық қорғау органдары оған қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс қозғады.

"6 мамырда ол Қазақстанға ұшып келді, ал 9 мамыр күні шекарадан өткеннен кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметінен босатылды. Құқық қорғау органдары оның үстінен іс қозғады. Бұл істің егжей-тегжейлері бізге беймәлім, біздің оған араласуға құқығымыз жоқ. Мен Каринамен жеке кездесіп, сөйлестім. Біз оған барынша қолдау көрсетеміз", – деді Айбек Смадияров.

Сыртқы істер министрлігі өкілінің айтуынша, жыл сайын елшіліктерде жұмыс істейтін барлық қызметкерлер елден шыққанда арнайы комиссиядан өтеді. Сондай-ақ, жуырда министрлік мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, ведомствоның барлық қызметкерлерінің психоэмоционалдық жағдайын тексеруге арналған тағы бір бағдарлама іске қосылғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары