$ 479.38  531.63  5.27

Бишімбаев жазасын қай түрмеде өтейді?

Бишімбаев рецидивист ретінде жазасын аса ауыр қылмыс жасаған адамдар отыратын түрмеде өтейді.

Фото: Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Бүгін журналистерге брифинг өткізген БАҚ жөніндегі үйлестіруші судья Алма Есімова оның нақты қай түрмеге баратынын ҚАЖК шешетінін мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

«Бишімбаев рецидивист ретінде жазасын аса ауыр қылмыс жасаған адамдар отыратын түрмеде өтейді. Бірақ, оның нақты қай елді мекендегі түрмеге баратынын сот анықтамайды, оны Қылмыстық атқару жүйесі комитеті шешеді. Сот үкімі орындалу үшін осы органға жіберілген соң оның жазасын өтейтін жерді сол комитет анықтайды», - деді Алма Есімова.

Ал, Бақытжан Байжанов жазасын орташа қауіпсіздіктегі түрмеде өтейді. Оның да қай елді мекенде жазасын өтейтіні әзіршге белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 18
Күлкілі 5
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары