Қазақстандық теннисші литвалық спортшыны 6:2, 6:3 есебімен ұтты.
Қазақстандық, әлемнің 223-ракеткасы Дмитрий Попко Оэйраш (Португалия) челленджер турниріне өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Дмитрий Попко іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 285-ракеткасы, литвалық Вилиус Гаубаспен шеберлік байқасты.
Қазақстандық теннисші литвалық спортшыны 6:2, 6:3 есебімен ұтты.
Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Попко 1 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ. Гаубас 2 эйспен ғана шектелді.
Осылайша, негізгі жарысқа жолдама алған Дмитрий Попконың келесі қарсыласы – әлемнің 182-ракеткасы, Бразилия өкілі Густаво Хейде.
Сонымен қатар Оэйраш челленджер додасының алғашқы айналымында әлемнің 174-ракеткасы Бейбіт Жұқаев рейтингіде 282-орындағы бельгиялық Готье Онклинмен, Денис Евсеев (№177) аустриялық Лукас Ноймайермен (№211) ойнайды.