14.05.2024, 10:40

Елдос Сметов Абу-Дабиде өтетін Әлем чемпионатына қатысатын болды

Фото: olympic.kz

Қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы екінші рет әлем чемпионатында топ жаруды көздеп көреді.

Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов Абу-Даби қаласында өтетін Әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ұзақ үзілістен соң Grand Slam турнирінде үздіктер қатарынан көрінген Елдос Сметов 19 мамыр күні, Абу-Даби қаласында өтетін Әлем чемпионатында өнер көрсетеді. Қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы екінші рет әлем чемпионатында топ жаруды көздеп көреді. Бұл байрақты бәсекеге Қазақстан құрамасы толық құраммен қатысады.

Ал әлем чемпионатында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының тізімі төмендегідей:

Ерлер:

60 келі.Нұрқанат Серікбаев, Елдос Сметов

66 келі. Ғұсман Қырғызбаев, Жанарыс Рахметқали

73 келі. Данияр Шамшаев, Бақытжан Әбдірахманов

73 келі. Дархан Қойбағар (аралас командалық жарыс)

81 келі. Абылайхан Жұбаназар

90 келі. Айдар Арапов (аралас командалық жарыс)

100 келі. Нұрлыхан Шархан

+100 келі. Ерасыл Қажыбаев.