$ 486.65  524.46  5.05

«Жеңілдеп қалдық»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі сот үкіміне қатысты пікір білдірді

Балалар мұны қабылдап, әрі қарай да өмір сүруі керек. Әлемдегі бірде-бір балаға мұны тілемеймін.

Фото: nazymkakharman инстаграм парақшасынан
Фото: nazymkakharman инстаграм парақшасынан

Салтанат Нүкенованы өлтірді деп сотталған Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман сот үкіміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz - ке сілтеме жасап.

Назым осы уақыт ішінде өзіне де, балаларына да өте қиын болғанын мойындады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Маймылмен өмір сүргендеймін»: Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі (ВИДЕО)

"Бір жағынан әйел ретінде, осы елдің азаматы ретінде ашық сотты қолдадым, өйткені бұл процесті қоғамның сауығуы мен терапиясына қадам ретінде қабылдаймын. Екінші жағынан, сот балалар мен маған күйзеліс болып тиді, өйткені онда адамшошырлық мән-жайлар белгілі болды. Балалар мұны қабылдап, әрі қарай да өмір сүруі керек. Әлемдегі бірде-бір балаға мұны тілемеймін. Сондықтан бәрі аяқталғанына жеңілдеп қалдық", - деді Назым Қаһарман.

Қуандық Бишімбаеваның бұрынғы әйелі Нүкеновтер отбасына тағы да көңіл айтты.

"Менің ойымша, алқабилер соты істің барлық ашық және жабық материалын қарап, саналы және дұрыс шешім қабылдады", - деді ол.

Айта кетейік, Назым Каһарман Қуандық Бишімбаевпен 14 жыл ресми некеде болған, олардың үш баласы бар. Ерлі-зайыпты 2020 жылы, экс-министр бұрынғы қылмыстық ісі бойынша колониядан босағаннан кейін бір жыл өткен соң ажырасқан.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары