Қазақстан азаматы 2023 жылы Ұлыбританияға маусымдық жұмыс істеуге барған.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Лондонда кісі өлтірді деп күдікке іліккен Қазақстан азаматы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«2024 жылғы 10 мамырда Лондон полициясы Қазақстан азаматы Ұлыбританияда адам өлтірді деген күдікпен ұсталғаны туралы хабарлады. Анықталғандай, ұсталғандар ерлі-зайыптылар, әйел ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып бергеннен кейін босатылған, ал ер адам тергеліп жатыр. Біз барлық қажетті консулдық құқықтық көмекті көрсетеміз», - деді Айбек Смадияров.
Еске салсақ, Ұлыбританияда 37 жастағы Бейбіт Баймолда 42 жастағы ер адамды пышақтап тастады деген айыппен ұсталған болатын. Қазақстан азаматы 2023 жылы Ұлыбританияға маусымдық жұмыс істеуге барған.