Видеода әйелдің аяқ-қолы тартылып тұрғанын көруге болады.
Әлеуметтік желіде қызылордалық келіншек енесі мен қайын апаларынан таяқ жегенін мәлімдеген видео тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, енесі екі сіңлісімен келіп соққыға жыққан. Видеода әйелдің аяқ-қолы тартылып тұрғанын көруге болады.
Осы орайда зардап шегушінің әпкесі оқиға туралы тың дерекпен бөлісті.
Сіңілім жылай береді "неге бұлай болды" деп. Соңғысында 2 баласымен қосылмаймын деген кезде, өз мамасы мен дәу мамасы ақылын айтып, қосып жіберген. Ол кезде де ұрған. Бірақ ұрғанын дәлелдей алмадық. Сүлгімен ұрады екен. Із қалмасын деп. Сол кезде сіңлім айтатын, "тәте, бір оянсам столдың астында, қуыста жатам. Соққының тигенін білем, бірақ киіннен ауырады денем", дейтін. Терісі қара ғой, көгергені білінбейді. Сол үйге барғалы тапты ғой ауруды. Өзі зобпен ауыратын. Қазір сол зобы да қозды, - деген ол сіңлісінің қасында ауруханада анасы мен сіңлісі барын айтады.
Қызылорда облысы Полиция департаменті бұл іске қатысты пікір білдірді.
Биыл 12 мамырда сағат 16:00 шамасында Қызылорда облысының көпбейінді ауруханасының қабылдау бөліміне 1996 жылы туған азаматша дене жарақатымен келіп түскен. Осы оқиға бойынша азаматша А.Қ. арызы негізінде қайын апасына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамасы рәсімделді, - делінген жауапта.
Жәбірленушінің дене жарақатының дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасынан өтуге қаулы берілді.