Қазақстанда жалдамалы жұмысшылардың жалпы саны – 3 975 641 адам.
Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы орташа айлық жалақы туралы мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бюро мәліметінше, Қазақстанда жалдамалы жұмысшылардың жалпы саны – 3 975 641 адам.
2024 жылғы I тоқсанда Қазақстан Республикасы бойынша айлық жалақының орташа мәні 2023 жылғы тиісті тоқсанға қарағанда 12,3%-ға өсіп, 382279 теңгені құрады.
Биыл 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85000 теңге мөлшерінде белгіленді.
"Ол есептелген еңбекақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы анықталады", - делінген түсініктемеде.