$ 494.87  520.65  4.91

Арқалықтың әуежайын қайта жаңғырту үшін зерттеу жұмыстары жүргізіледі

Әуежайдың қажеттілігін су тасқыны да айқын дәлелдеп берді. 

Фото: kostanaytany.kz
Фото: kostanaytany.kz

Арқалықтың әуежайын қайта жаңғырту үшін зерттеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚазТАГ агенттігіне сілтеп.

«Ағымдағы жылы әуежайдың ұшу-қону жолағына сондай-ақ инфрақұрылымының жай - күйіне зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен Т9,5 млн қаржы қарастырылды», - деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев

Вице-премьердің айтуы бойынша, бүгінгі күні конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Аталған жұмыстар барысында әуежайды жаңғыртудың және ұшақтарға қызмет көрсету үшін жаңа жабдықтар мен арнайы техника сатып алудың орындылығы нақтыланады.
Айта кетсек, мәжіліс депутаттары премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа жолдаған сауалында Арқалықта әуежай салу мәселесін жеделдету қажет, өйткені оның жоқтығы шағын және орта бизнестің жаңа субъектілерін ашуға, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жұмысына инвестициялар тартуға тежеу болуда, деген болатын.

«Әуежайдың қажеттілігін су тасқыны да айқын дәлелдеп берді. Авиакерасин сақтайтын қоймалардың болмауынан басқа өңірлерден барған тікұшақтар жанармайдың жоқтығынан сын сағатта жұмыссыз тұрып қалған», - деді депутаттар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары