$ 494.87  520.65  4.91

Астана тұрғыны үйінің жанынан заңсыз мешіт ашқан

Елорда тұрғынына 184,6 мың теңге айыппұл ретінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Фото:  Pixabay
Фото: Pixabay

Астанада заңсыз ашылған мешіттің діни қызмет көрсеткені анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Елорда полицейлері Құмбел көшесіндегі жеке үйдің қасынан мешіт ашылғанын анықтады. Үй-жайларды тексеру кезінде діни әдебиеттер, намазхана және тақтада жазылған намаз уақыттары табылды. Бөлмеде адамдардың жиналып жатқаны анықталды. Сот отырысы барысында мешіт қалада тіркелген діни ғимараттар тізімінде болмаған, – делінген Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.

Діни қызмет туралы заңнаманы бұзған  59 жастағы Астана тұрғыны кінәлі деп танылып, 184,6 мың теңге айыппұл ретінде әкімшілік жаза тағайындалды. Мешіттің заңсыз қызметі тоқтатылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары