15.05.2024, 16:20

Прокурор Бишімбаевтың ең үлкен қателігін атады

Фото: Жоғарғы сот

Оның телефонында әр минут сайын түсірілген 30 секундтық, 1-2 минуттық 27 видео барын анықтадық.

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтың қателігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол Tengrinews.kz сайтына берген сұхбаты барысында айтты.

Оның айтуынша, экс-министрдің телефонында қандай видеолар барын ешкім білмеген.

«Сот үкіміне қанағаттандық. Бишімбаевтың адвокаттары аппеляциялық шағым түсіреді. Бірақ үкімде айтарлықтай өзгерістер болады деп айта алмаймын. Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша 7 жыл бас бостандығынан айыру, 99-баптың 2-бөлігімен 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрадық. Жазаны ішінара қосу арқылы бас-аяғы 24 жылға сотталуын ұсындық. 24 жыл да аз уақыт емес. Сол себепті бұл әділ, лайықты жаза деп ойлаймын», - деді прокурор.

Оның айтуынша, олар бұлтартпас айғақтар мен дәлелдерді сотталушының телефонынан тапқан.

«Бишімбаевтың ең үлкен қатесі – өзінің телефонының құпия сөзін бергені. Оның телефонында әр минут сайын түсірілген 30 секундтық, 1-2 минуттық 27 видео барын анықтадық. Телефонда сол видеолардың барын білмегеніне қарағанда ол қатты мас болған. Мен оның мұны жүйелі түрде жасап отырғанына сенімдімін. Адам өзінің үнемі істеп жүрген әрекетіне келгенде қырағылығын жоғалтады. Бишімбаевта да сондай жағдай болды», - деді Айжан Аймағанова.