$ 474.62  517.19  5.39

Тазы иттер, бокс қолғабы және кроссовки: Қасым-Жомарт Тоқаевтың желідегі ерекше суреттері (ФОТО)

Бүгін Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Бүгін Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Дегенмен президенттің туған күні атап өтілмейді. Бұған дейін де мемлекет басшысының баспасөз хатшысы хабарлағандай президенттің әулетінде балалардың да, үлкендердің де туған күнін тойлау дәстүрі қалыптаспаған және әкімшілік қызметкерлеріне де құттықтау рұқсат етілмейді деген ерекше деректер бар. Осы орайда Skifnews ақпараттық порталы мемлекет басшысы сирек кездесетін фотоларын жинақтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамыр күні Алматы қаласында дүниеге келген.

Президенттің әкесі – танымал жазушы, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаев (1923-1986). Детектив жанрына арналған 10-нан астам кітабы қазақ және орыс тілдерінде басылып шықты. Кемел Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері, екі мәрте «Ерлігі үшін» медалін алған. Ал анасы Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматының шет тілдері институтында қызмет еткен. 

Қасым-Жомарт Алматы қаласындағы №25 мектеп-гимназияда француз тілін тереңдете оқытатын мектепте білім алған. Сыныпта ол ең озат оқушылардың бірі саналған. Әкесі оны кітап оқуға, анасы шет тілдеріне баулиды.

(Үшінші қатар, сол жақтан бесінші тұрған – Қасым-Жомарт Тоқаев)

(Мектепте өткен олимпиадалардың бірінде)

1970 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев аттестат алып, Мәскеуге барып, Одақтың жетекші жоғары оқу орындарының бірі – ММХҚИ-ға оқуға түседі. Бұрынғы курстастарының айтуынша, қабілетті және мақсатшыл жас жігіт тек «өте жақсы» деген бағамен оқыған.

Ол жарты жылдық диплом алдындағы практикасын Қытайдағы кеңес елшілігінде өткізіп, онда дипломатқа қажетті  дағдыларымен бірге  қытай тілінің қыр-сырын үйренеді.

Асылбек Абдуловтың «Президент Тоқаевтың жаңа бағдары» атты фильмінде Мемлекет басшысының жас шағындағы сирек суреттері мен бейнелері көрсетілді.

Фильм авторы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік лауазымдағы екі жылына шолу жасай келіп, Арыс қаласын жарылыстардан кейін қалпына келтіру жұмыстарына еріктілердің белсенді атсалысқанын еске алады. Осы кезде кадрда Президенттің сенбілікте еңбек етіп жүргені бейнесі көрсетілген.

«Осынау әуесқой кинокадрларда 10-сынып оқушысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы №25 орта мектепте мамыр сенбілігінде мектеп ауласын қоқыстан арылтып, қыздарға көмектесіп жатыр», - дейді фильм авторы.

Тоқаев және спорт

Сондай-ақ, фильм барысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың спортпен шұғылданып жатқан сәттері бар сирек кездесетін суреттер көрініс тапқан.

«Әкемнің тағдыры бала кезінен бастап оңай болған жоқ. Ол ерте жетім қалды. Әуелі балалар үйінде, содан кейін интернатта тәрбиеленді. Содан кейін соғыс басталды. Майдан ол үшін батылдық пен табандылықтың тағы бір сынағы болды. Ол соғыстан көп сабақ алып, қорқыныш пен қайғы-қасіретті жеңе алды», - деп еске алады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы кезінде Қазақстанның үстел теннисі федерациясын 13 жыл басқарған болатын. Фотода Қазақстанның болашақ Президентінің дипломаттар арасындағы турнирге қатысып жатқан сәті. 

Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзі бейнеленген бокс қолғабын табыстады.

Фото: Жәнібек Әлімханұлы

Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыйлықты кәсіпқой боксшы, WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы сыйлаған сәт.

Залог успеха

Тоқаев пен Ердоған үстел теннисін ойнады

2023 жылы 10 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияда ресми сапармен барған болатын. Сейсенбі күні кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді, 15 құжатқа қол қойды. Келіссөздерден кейін президенттер үстел теннисін ойнады.

Салауатты өмір салты

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тазы иттерімен түскен суреті желіде тараған болатын.

A view of the sea

Президенттің 3 тазысы бар, оның бірі – Наурыз. Бұл тазыны былтыр Мемлекет басшысына ит асыраушы Анна Захарова сыйға тартқан болатын. Қазір Наурыз 1 жас 4 айға толды, - деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. 

Қалған екеуі – 4 жасар, ақшыл-сары түсті Ронни деген арлан тазы мен 5 жасар ақшыл түсті Нэнси.

Ақорда Наурыз мерекесінде Тоқаевқа сыйға берілген тазының суреті мен видеосын жариялады

Иттер қоршалған аумақта, жылы үйшікте күтіп-бапталады. Арнайы сертификаты бар кинолог маман оларды үйретіп, саятшылыққа баулиды. Қасым-Жомарт Тоқаев бос уақытында тазыларымен серуендегенді ұнатады, - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Фото instagram.com/tokayev_online

Сондай-ақ, instagram-да Қасым-Жомарт Тоқаевтың серуенге шыққан суретері жарияланған болатын. Үстінде жылы қызыл күрте бар. Айта кетейік, суреттерде Президент әдетте киетін көзілдіріксіз тұр.

cover

"Жаңа жылдың бірінші күні. Первый день нового года", - деп жазды Мемлекет басшысы.

Ал биыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенбі, 27 сәуірде сенбілікке киген киімдері талқыға түсті.

Тоқаевтың сенбілікке киген кроссовкасы талқыға түсті

Биыл 27 сәуірде Президент қалалық сенбілікке қатысқан болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысып, елордадағы "Ұлытау" аллеясында ағаш отырғызды.

Ақорда

Президентпен бірге сенбілікке волонтерлер, "Ассамблея жастары" ұйымының өкілдері, еліміздің ғылым, креативті индустрия, мәдениет, спорт салаларындағы белсенді жастар және алдағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушылар, Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері атсалысып, жөке ағашының 430 түп көшетін екті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары