$ 495.2  522.34  4.94

Қазақстанда жаңа декларация енгізілуі мүмкін

Егер жұмыс беруші өз қызметкерлерін оқытып, аттестациядан өткізетін болса, онда мұндай кәсіпорындарға мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысқаны үшін қосымша бонустар берілуі мүмкін.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Елімізде жаңа декларация түрін енгізу ұсынылды. 17 мамырда Сенатта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасы аясында еңбек қатынастарын жариялау жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Светлана Жақыпова 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан жалпыға бірдей декларацияға көшуі керек екенін еске салды.

«Біздің ЖІӨ құрылымында қазір жалақы 30 пайызды құрап отыр, егер көлеңкелі экономика бүгін цифрлармен расталса, біз сіздермен бірге 60 пайызды қалай қамтамасыз ете аламыз? Мысалы, 2022 жылы ЖІӨ 31 трлн теңге. Оның 10 пайызы зейнетақы қорына түсуі керек еді, яғни 3 триллион теңге түсуі тиіс болса, 1,6 триллион теңге ғана түсті. Сондықтан біз еңбек қатынастары туралы декларацияны, яғни «мансаптық өсу» қағидаттары бар кадрлық декларацияны қарастыру қажет деп бастама көтеріп отырмыз», –  деді министр.

Оның пайымдауынша, мұндай шара Қазақстанның адами капиталына оң әсер етеді.

«Егер штаттық кестеде әрбір орын жеке қызметкерге бекітіліп, ол оқытылатын болса, бізде ұлттық біліктілік жүйесі, тану орталықтары жүйесі бар екенін көреміз. Егер жұмыс беруші өз қызметкерлерін оқытып, аттестациядан өткізетін болса, онда мұндай кәсіпорындарға мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысқаны үшін қосымша бонустар берілуі мүмкін. Құрылған және адами капиталды дамытуға инвестиция салмайтын, өз қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттырмаған кәсіпорындар мемлекеттік сатып алуларға қол жеткізе алмайды және сол арқылы мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне тың серпін береді», – деді  Светлана Жакупова.

Министрдің айтуынша, кадрлық декларацияны тікелей Еңбек министрлігінің жүйелерінен электронды еңбек келісім-шарттарымен, ал біліктілікті растау - Еңбек министрлігінің жүйелерінен растау қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары