$ 494.87  520.65  4.91

«Ответчик орыс болғандықтан»: Алматыда аудандық сот қазақ тіліндегі арызды қабылдамады (ВИДЕО)

«Бұл Қазақстан, бірақ тек қана қазақтардың құқығы қорғалмайды ғой». 

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Алматы қаласының Медеу аудандық сотының қызметкері қазақ тілінде арыз жазған кісіге орыс тілінде қайта жазуын сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Egov.press телеграм ақпараттық каналына сілтеме жасап.

Ответчик орыс болғандықтан, менің сізге ақыл-кеңесім орысша жазғаныңыз дұрыс, - деді сот қызметкері.

Наразылық білдіріп, «бұл қай ел, Росия ма, Қазақстан ба» деген арызданушының сұрағына «Қазақстан, бірақ тек қана қазақтардың құқығы қорғалмайды ғой» деп жауап қатты аудандық сот өкілі.

Бұл жауапқа қанағанттанбаған арызданушы «ол орысша талап түсірді, неге мен қазақша арыз жаза алмаймын» деп қайта сұрақ қойды.

Телеграм каналда жарияланған видеоның астында  DKhan деген есімді оқырман:

Ағымдағы жылдың 17 мамырында телеграм арналарының бірінде сот қызметкері мен азаматтың қатысуымен бейнеролик жарияланды. Мәселе өтінішті мемлекеттік тілде тапсыруда тұрды.

Соттың баспасөз қызметі осы оқиға бойынша қызметтік тексеру жүргізілгенін ресми түрде хабарлайды.

Тексеру нәтижесі бойынша сот қызметкері, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деген пікір жазылыпты.

Бұл жауаптың қаншалықты рас екені әзірге белгісіз.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 7
Ашулы 18

Серіктес жаңалықтары