18.05.2024, 22:30

Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шықты

Фото: ҚР ТЖМ

15 адамды эвакуациялады. Оның 4-еуі бала.

Ақтөбе қаласы Есет батыр тұрғын алабындағы көпқабатты үй өртенді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Будақтаған қара түтін Есет батыр тұрғын алабындағы 9 қабатты үйдің жетінші қабатынан шыққаны анықталды. 

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер баспалдақ маршы арқылы 15 адамды эвакуациялады. Оның 4-еуі бала. Зардап шеккендер жоқ. Қазір балконнан шыққан өрттің тұтану себебі анықталып жатыр. Тілсіз жау 19 минут ішінде сөндірілді, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Ақтөбе облысында өрттен екі зейнеткер мерт болды