19.05.2024, 00:30

Пәкістан премьер-министрі Бішкекте болған оқиғаға алаңдаушылық білдірді

Фото: AzerNews

Бішкекте 13 мамырда хостел қонақтары арасындағы төбелестен басталған шиеленісті жағдайдың соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласқан болатын.  

Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф Қырғыз Республикасының астанасында болған шетелдік азаматтарға қатысты оқиғаны баса назарда ұстап отырғанын айтты. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бішкек қаласындағы пәкістандық студенттерге қатысты жағдайға қатты алаңдап отырмыз. Мен Пәкістан Елшісіне барлық қажетті қолдау мен көмек көрсетуді тапсырдым. Елшілікпен байланыстамыз және жағдайды үнемі қадағалап отырамыз», - деп жазды Шахбаз Шариф Х желісінде. 

Бішкекте 13 мамырда хостел қонақтары арасындағы төбелестен басталған шиеленісті жағдайдың соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласқан болатын.