$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда 3 күнде 81 тойшыл жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Алматы полициясы үйлену кортеждері жүргізушілеріне қатысты жол ережесін бұзушыларды анықтау мақсатында жұмыс тәртібін күшейтті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жаздың «Үйлену маусымы» деп аталатын уақытында той кортеждері жүргізушілерінің жиі жол қозғалысы ережесін бұзуы, сондай-ақ, тұрғындардан арыз-шағымның көп түсуіне байланысты қалалық полиция осындай қадамға барып отыр.

— Әсіресе, демалыс күндері қарбалас көп болады. Арты-артынан тізбеленген той көліктері ірі көшелермен жүріп қана қоймай, шағын көшелерге де өтіп кетеді. Қарсы бағытқа шығып кету, бағдаршамның қызыл шамынан өту, жарқылдағын іске қосу, апатты жағдай қалыптастыру, жолаушылар тасымалы ережесін бұзу, жылдамдық арттыру, көлік тұрағы ережесін бұзу—мұның бәрі той кортеждерінде жиі кездестіретін заңбұзушылықтар. Және бұл әлі толық тізім емес, — дейді Алматы қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.

Оның айтуынша, осы айтылған заңбұзушылықтарды жою мақсатында арнайы рейд, шаралар ұйымдастырылып тұрады. Соның өзінде, қозғалыс кезінде жолаушылардың көлік төбесіндегі люктен, терезеден шығуы, қарсы бағытқа шығып алу, той көліктерінің бүкіл көше бойын толтырып, колонна құруы, қажет болмаған жағдайда да дабыл қосуы сынды көптеген тәртіпбұзушылықтар жиі кездесуде.

Арнайы жүргізілген рейд барысында 3 күн ішінде той көліктерін басқарған 81 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың арасында көп көзге түскен басып озу мен ретсіз жарқылдатудан бөлек, рұқсат етілмеген жерге тұрақтау, жолаушыларды салоннан тыс тасымалдау және терезесін қараңғылап алу деректері тіркеліп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары