$ 484.19  524.28  5.03

Шаханов қазақ қызына үйленген шетелдік спортшыға бата берді (ВИДЕО)

Қарт ақын оның үйіне қонақ болған.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Қазақ қызына үйленген бразилиялық спортшы Дуглас Пумаға аты аңызға айналған ақын Мұхтар Шаханов батасын берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шетелдік спортшы ерекше сәтті әлеуметтік желіде жариялаған.

"Naiza" промоушенінде жұдырықтасатын Дуглас Пума әйгілі Мұхтар Шахановтан батасын алған видеосын Instagram-дағы парақшасында жария етті.

Nur.kz сайтының жазуынша, қарт ақын оның үйіне қонақ болған.

Бүгін жұбайымның үйінде өткен мерекелік кеште мен Қазақстаннан шыққан аңыз ақын, легенда адам Мұхтар Шахановты көрдім. Ол кісімен сұхбаттасу мен үшін үлкен мақтаныш және қуаныш. Маған және менің әйеліме айтқан әрбір тілегіңізге, ниетіңізге алғыс білдіремін. Бұл кездесу мен үшін мақтаныш! Өмірімдегі барлық жақсы күндерім үшін Аллаға сансыз шүкіршіліктер айтамын. Аңыз адаммен бір естелік видео болсын. Мұхтар ағаның тілегі мен әзілін видеодан көре аласыздар, - деп жазды спортшы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары