Өткендегі шудан кейін өтпей қалған жоқ.
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысында куәгер болған блогер Гүлнәр Насырбекованың ұлы үйленді. Насырбекова ақыры «раушан иісі аңқитын» Аленамен құдағи болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
51 жастағы Насырбекова ұлының үйлену тойын Грузияда өткізген. Тойдың видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр.
«Ресми түрде құдағи атанды. Ұлының тойы болды. Өткендегі шудан кейін өтпей қалған жоқ», - дейді журналист Жанна Алпысбаева.
Еске салсақ, Насырбекова Бишімбаев ісі бойынша жауап беріп, артынша оның «сенен раушан иісі аңқиды» деген сөзі кең тараған еді.