$ 475.03  517.21  5.44

Президент Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады

Оның пікірінше, барлық тапсырма стратегиялық сипатқа ие және екі ел арасындағы көпқырлы байланыстарды айтарлықтай нығайтуға бағытталған.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысу үшін Астанаға келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Ресей дипломатына ілтипат білдіре отырып, екі елдің қатынастары стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және инвестициялық-өнеркәсіптік кооперацияны ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толыққанды жүзеге асырудың маңызы зор екенін айтты. Оның пікірінше, барлық тапсырма стратегиялық сипатқа ие және екі ел арасындағы көпқырлы байланыстарды айтарлықтай нығайтуға бағытталған.

Сонымен қатар кездесуде өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ көпжақты форматтағы және интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимылдар талқыланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары