21.05.2024, 00:30

«Елімізге Ресей аумағынан су келіп жатыр» – министрлік

Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі

Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі - 573 см, Атырау облысының Махамбет ауылында – 1015 см. Жайық өзенінің деңгейі одан әрі көтеріледі деп күтілуде, деп Skifnews.kz ақпарат порталы  Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазсушар» мекемесінің жергілікті филиалының мамандары тасқын суын өткізу жұмысын жалғастыруда.

Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 96%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының екінші кезеңі жалғасуда.

Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы. Есіл өзенінде су тасқынының екінші кезеңі жалғасып жатыр.

Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 95%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 86,6%. Аймақта су тасқыны жалғасуда.

Абай облысындағы Шүлбі су қоймасы 68,3%-ға толды. Аймақта су тасқыны жалғасуда. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 99,7%-ға толы. Олардың барлығы штаттық кесте аясында жұмыс істеп тұр.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Су қоймаларында «Қазсушар» мамандарының кезекшілігі және су шаруашылығы жағдайының мониторингі жалғасуда. Су қоймаларына жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.