Бәріміз бір белдеудеміз.
Бүгін Үкімет отырысынан кейінгі брифинг кезінде журналистер сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтан жаңа уақыт белдеуіне қатысты петиция туралы сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.
«Өткендегі орынбасарымның тезисін қайталап айтайын, ол петицияны жұмысқа алу үшін белгіленген тәртіп бойынша қажетті дауыс жиналу керек, оның мөлшері 50 мың дауыс екенін білесіздер. Сәйкес алгоритм бар, ол бойынша мәселе 2 айдың ішінде мүдделі тараптардың қатысуымен қаралады. Сондықтан петиция жеткілікті дауыс жинағанша күтейік, содан кейін белгіленген тәртіп шеңберінде мәселені міндетті түрде қараймыз», - деді министр.
Ал қай өңірлер бұрынғы сағат белдеуіне оралуы мүмкін деген сұраққа «Ешкім ешқайда оралмайды. Бәріміз бір белдеудеміз», - деді Шаққалиев.
Ол петицияның нәтижесін күтетінін тағы да қайталады.