22.05.2024, 02:30

Абат Айымбетов түркиялық командада 5 айдан бері жалақы алмаған

Фото: instagram.com/aimbetov9507

Айымбетов 17 мамырда Түркия чемпионатының 37-турында "Адана Демирспор" сапындағы алғашқы голын соқты.

Түркиялық "Адана Демирспор" футбол клубы қаржылай қиындыққа тап болған. Бұл командада қазақстандық футболшы Абат Айымбетов ойнайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, "Адана Демирспор" футбол клубы УЕФА-ның санкциясынан бөлек, қаржылай қиындықтарды бастан кешіп жатыр. Футболшылар 5 айдан бері жалақы ала алмай келеді. Клуб қазір шетелдік инвесторларға сатылуға шақ тұр.

Айта кетейік, "Адана Демирспор" командасында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Абат Айымбетов өнер көрсетеді. Ол ақпанда түркиялық клубпен 1,5+1 жүйесі бойынша келісімшарт жасасқан еді.

Айымбетов 17 мамырда Түркия чемпионатының 37-турында "Адана Демирспор" сапындағы алғашқы голын соқты. Қазір Абаттың командасы турнир кестесінде 44 ұпаймен 11-орында тұр.

Еске салайық, Магомед Адиев Қазақстан құрамасының алдағы жолдастық ойындардағы құрамын жариялады. Тізімде Абат Айымбетов те бар.