$ 450.79  482.21  5.05

Астанада мектеп оқушысы балконға ілініп тұрған баланы аман алып қалды (ВИДЕО)

Ақан Әкімжанов көпбалалы отбасынан шыққан.

Елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінде № 31 мектеп-гимназияның 7Д сынып оқушысы Ақан Әкімжанов қайғылы жағдайдың алдын алды. Бұл жайында қала әкімдігінен хабарланды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

20 мамыр күні Ақан аулада ойнап жүргенде 4-ші қабатта балконда ілулі тұрған баланы байқап қалған.

Ол уақыт оздырмай бірден қимылдап, жүгіріп барып балконда ілініп тұрған 5 жасар баланы құтқарып қалды.

Ақан Әкімжанов көпбалалы отбасынан шыққан.

Ол өзінің осынау әрекетін кішкентай баланы көргенде ойланбастан жасағанын әрі өзінің де іні-қарындастарының бар екенін айтады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары