$ 467.29  501.03  5.35

Астананың қақ ортасында тапаншадан оқ атқан ер адам ұсталды (ВИДЕО)

Екі жігіт тапаншамен оқ атқаннан кейін жасырынуға тырыспаған. Олар әлеуметтік желіге суреттері мен видеоларын жүктеген.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Бүгін Астана қаласының полиция департаменті қала тыныштығын бұзған адамдардың үстінен қылмыстық іс ашылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, «Киа» маркалы автомашинаның ауаға оқ атқан жүргізушісін анықтап, ұстады. «Glock» маркалы тапанша тәркіленіп, сараптама тағайындалды. Бұл факт бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүріп жатыр», - делінген хабарламада.

Бұған дейін желіде «21 мамырға қараған түні Астанада «Думан» қонақ үйінің жанындағы  автотұрағында белгісіз адам тапаншадан оқ атты» деген хабарлама тараған болатын, деп жазады Azattyq Ruhy.

Екі жігіт тапаншамен оқ атқаннан кейін жасырынуға тырыспаған. Олар әлеуметтік желіге суреттері мен видеоларын жүктеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары