22.05.2024, 23:30

Зейнеткер 48 жыл отасқан әйелін өлтірді

Фото: Pixabay

Сот үкімі заңды күшіне енді. 

Батыс Қазақстан облысында мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты 73 жастағы зейнеткерге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы  Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Сотталушы әйелін өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. 

Іс материалдарындағы ақпаратқа сәйкес, зейнеткер алдымен жұбайын пәтерінде ұрып-соғып, оны жіппен тұншықтырып, кейін қолымен қылқындырған. Қарияның әйелімен отасқанына 48 жыл болған.

Сот отырысында сотталушы қылмысын мойындап, өзінің іс-әрекетініне өкінетінін айтты, – деп атап өтті сотта.

Сотта мұндай мерзім оның жасына байланысты тағайындалғаны айтылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.