$ 479.38  531.63  5.27

Батыр Жүкембаев украиналық боксшыны нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

Жүкембаев үшін бұл – кәсіпқой мансабындағы жиырма үшінші жеңіс және WBA Continental North Americas белбеуін екінші рет сәтті қорғауы.

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (22-1, 16 КО) шаршы алаңдағы 23-ші жеңісіне жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Батыр Жүкембаев (22-1, 16 КО) 19 нокауты бар украиналық Иван Редкачқа қарсы жекпе-жек өткізіп, уақытынан бұрын ойсырата жеңді.

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын алғашқы раундтан бастап, қарсыласына шабуыл жасап, қарқынын үдетті. Нәтижесінде ауыр соққылар өткізген Редкачқа төреші жекпе-жекті жалғастыруға мүмкіндік бермей, уақытынан бұрын тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасқан Жүкембаев өзіне тиеслі WBA Continental North Americas белбеуін сақтап қалды.

Жүкембаев үшін бұл – кәсіпқой мансабындағы жиырма үшінші жеңіс және WBA Continental North Americas белбеуін екінші рет сәтті қорғауы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары