Айта кетейік, Зеленскийдің мемлекет басшысы ретіндегі өкілеттік мерзімі ресми түрде биыл 20 мамырда аяқталды.
Жақын күндері Украина президенті Владимир Зеленский қазақстандық басылымдарға сұхбат беретіні туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Telegram-арналар мәліметіне сүйенсек, бұл - қазақстандық Orda.kz және Vlast.kz басылымдары, деп жазады Dalanews.kz.
Айта кетейік, Зеленскийдің мемлекет басшысы ретіндегі өкілеттік мерзімі ресми түрде биыл 20 мамырда аяқталды, бірақ елдегі әскери жағдайға байланысты оның өкілеттігі автоматты түрде ұзартылды.
Владимир Зеленский 2019 жылы Украинаның президенті болып сайланды, сол жылы 20 мамырда ол қызметке кірісті. Ол бес жыл мерзімге сайланды, сайлау 2024 жылдың наурызында өтуі керек еді. Алайда елдің Конституциясына сәйкес әскери жағдайда өткізуге тыйым салынады.