Бұл — туристік пойыз, ұйымдастыру жағын Қытай толығымен өз мойнына алады.
Қытайдың туристік агенттігі "Сиань — Алматы" бағытында пойыз қатынасын ұйымдастыруға қызығушылық танытты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ басқарма төрағасы Жәнібек Тайжанов мәлім етті.
"Бұл мәселе пысықталып жатыр. Жыл басында Қытайдағы әріптестерімізге хабарластық, әзірге жауап жоқ, бірақ олар бұл мүмкін деп отыр. Сондай-ақ, Қытайдың туристік агенттігі „Сиань — Алматы“ бағытында пойыз қатынасын ұйымдастыруға қызығушылық танытып, маусым айына жоспарлауда. Айта кететін жайт, бұл — туристік пойыз, ұйымдастыру жағын Қытай толығымен өз мойнына алады. Пойызға, жолсеріктер мен жолаушыларға толығымен өздері жауапты. Жоба іске қосылғаннан кейін өз тарапымыздан пойыз бағыттарын іске қосуға қатысты келіссөз жүргіземіз", — деді Жәнібек Тайжанов ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.