Жағдайы өте ауыр деп бағаланды.
Петропавлда өзін газ баллонымен жарып жіберген зейнеткердің жағдайы белгілі болды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz - ке сілтеме жасап хабарлайды.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Петропавлда 95 жастағы зейнеткер әйелімен жанжалдасқан соң өзін жарып жіберген
Петропавлда 95 жастағы қарт әйелімен жанжалдасып, үйді жарып жіберген. Бүгін оның денесін 60%-ын күйік шалып, жағдайы өте ауыр екені белгілі болды.
“Екінші дәрежелі күйік алған. Беті мен мойны, жамбасы мен саны, шап аймағы, қолы мен жауырыны, білегі күйген. Жағдайы өте ауыр деп бағаланды. Оның үстіне науқастың жасы да үлкен”, – деді Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнәр Сайлау.
Облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.