24.05.2024, 16:20

Алматыда спа-салонда жұмыс істейтін қызға белгісіз адам шабуыл жасады (ВИДЕО)

Ер адамның ресейлік азамат екені айтылады.

Алматыда спа-салонда жұмыс істейтін бойжеткенге белгісіз ер адам шабуыл жасаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол салонға кіріп, сыра сатуын сұраған. Қызметкер алкогольді ішімдіктер сатылмайтынын айтқан. Бұл жауапқа ашуланған ер адам қызға алдындағы заттарды лақтырып, шашынан ұстап, қол көтере бастаған. Ер адамның ресейлік азамат екені айтылады. 

Алматы қалалық Полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.

Ұрып-соғу фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Құқық бұзушы қамауға алынды. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды, – делінген хабарламада.