$ 494.87  520.65  4.91

«Шәкәрім заманынан бері ештеңе өзгермеген»: Белгілі журналист Қазақстан медицинасына наразылығын жеткізді

Ауру өте қымбат. Дұрыс күтімге ие боласыз ба, белгісіз.

Фото:  видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Танымал журналист Шах-Керім Кәрменов Қазақстанның медицинасына наразылығын білдіріп, еліміздегі басты құндылық – адам емес, ақша екеніне қынжылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында өзі емделіп жатқан қалалық аурухананың кемшіліктерін атап өтті. Жазбасында мегаполистегі ауруханада қарапайым құрылғылардың жоқтығы мен емделудің қымбатшылығына назар аудартты.

Біздің Қазақстанда ауыруға болмайды. Бүгін он үшінші күн болды ауруханада жатқаныма. Алматы қаласының теміржолшылар ауруханасы, №8 емханасындамын. Не деуге болады? Ауру өте қымбат. Екіншіден, дұрыс күтімге ие боласыз ба, жоқ па, ол да белгісіз. Мынау еміңіз біткен соң шақыратын белгі. Алайда мына емім біткелі бір сағат болды, әлі ешкім келмеді. Сасқанымнан өзім тамырымнан шығарып тастадым. Әлі ешкім келген жоқ. Осындай дүниелер жүрегіңді ауыртады. Қалай қалалық дәрежесі бар Алматы қаласының науқастарды емдейтін ауруханасының кәдімгі смарт атты қан қысымын өлшейтін электронды құрылғы қалай болмауы мүмкін? Бағасы қатты қымбат деп айта алмаймын. Қарапайым УЗИ неге жоқ?, - деді журналист.

Журналист танымал бола тұра немқұрайлы қатынас көріп жатқаннын айтып, мұның астарында қазақтарды жоқ қылуға байланысты саясат жүріп жатқан секілді деген өз болжамын да атап өтті.

Аурухананың 90 пайызы мені таниды. Соның өзінде нәтиже осындай. Менің ойымша, Қазақстанда қазаққа қарсы бір саясат жүріп жатқан сияқты. "Бұларды жоқ қылайық" деген секілді. Мұндай немқұрайлылықты айта алмаймын. "Мемлекеттің ең үлкен құндылығы - адам" дейміз. Алайда күмәнім бар. Ең үлкен құндылығы - ақша деп айтар едім. Шәкәрім заманынан бері ештеңе өзгермеген, - деп жазды ол.

Сондай-ақ журналист анализдерін ақылы түрде тапсырғанын, сақтандырудың көмегін көре алмағанын айтып, "не үшін төлейміз?" деген сауал қойды. Оқырмандарынан келген хаттардан медицина саласындағы бұл мәселелер көпшілік үшін де өзекті екені байқалады. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 245
Ұнамайды 18
Күлкілі 11
Ашулы 23

Серіктес жаңалықтары