$ 494.87  520.65  4.91

«Елге қайтарып алса ғой»: Ана тілінде сөйлеген Ирандағы қазақ балалары жүректерді елжіретті (ВИДЕО)

Кейбір намыссыз қазақтарға қарағанда осы қандастарымыз патриот.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Ирандағы қазақ балалары өз ана тілдерінде таза сөйлейтін болып шықты. Бұған дәлел Мұрат Әбеновтің әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеген видеосы, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеода қаумалаған қазақ балалары бір-бірімен жарыса ана тілінде сөйлейді. Оны түсіріп тұрған белгісіз жан балаларға бірнеше сұрақ қояды. Олардың сөзінше, мектепте қазақ тілі атымен жоқ.

Қазақ тілін әке-шешемізден үйрендік. Мектепте қазақша оқымаймыз, басқа тілде оқимыз, - деп жауап береді олар.

Видео авторы олардан руларын сұрайды. Балалар руларын да мүдірмей айтып береді. Бірі Ақбота, бірі Ескендір, енді бірі Адай деп жарыса сөйлей кетеді.

Желі қолданушылары балалардың бұл тұрыстарына риза болып, ізгі тілектерін жаударды.

  • "Жанып тұр екен батырлар", "Жандарым, Адай бауырларым", "Елге қайтарып алса ғой", "Көздері мөлдіреген, жан-жаққа тарыдай шашыраған қазағым-ай", "Шетелде тұрып тілін жоғалтпай сақтап отырғандары нағыз ерлік", "Кейбір намыссыз қазақтарға қарағанда осы қандастарымыз патриот", - деп жазысқандардың қарасы көп.    
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары